Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

"SMART мақсаттар" тақырыбына коучинг

       "SMART мақсаттар" тақырыбында  60 минут 1 сабаққа арналған коучинг өткіздім. Бұл тақырыпқа тоқталған себебім: тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданатынымен еркешеленеді. Оқушыларының білім алуына баса назар аударуды басымдық ететін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.

        Коучингтің мақсаты: «Сабақтың мақсатын дұрыс таңдау дағдысы  мен  сабақтың мақсаты мен болжамдалған нәтижені  байланыстыра білу».

 
  
      Сабақ барысында әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шетелдік амандасу» ойсергегі арқылы әріптестер арасында жақсы психологиялық ахуал қалыптастырып алдым. Әрбір қатысушы слайдта көрсетілгендей суреттерге қарап, бір-бірімен амандасты. Әріптестерді 3 топқа стикердегі суреттер бойынша бөлдім. Сабақты бастамас бұрын мұғалімдерге «Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз? Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн? Неліктен?»  дeгeн түрткi cұрaқтар  қoйып, жауап алдым да, бүгiнгi кoучингiмнiң тaқырыбы мeн мaқcaтын таныстырдым. 

      Сабақтың басында ой қозғау арқылы әріптестердің өз тәжірибелеріне сыни тұрғыдан қарап, білім деңгейлерін сараптау мақсатында Г.Бардиннің "Адажио" мультфильмі көрсетіп, бейне баянда нені байқағандарын, бейнебаянда бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылатын сұрақтар қою арқылы анықтау мен мақсат-міндеттерін тұжырымдап беруге жетеледім. Бұл тапсырма әріптестердің туындаған проблеманы сыни тұрғыдан ойлауларына көздейді. Көрсетілген бейнебаян бойынша әркім өздерінің алғашқы білімдерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салып,өз белсенділіктерін танытты. Келесі тапсырма бойынша "Ойлан, жұптас, бөліс"стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру мақсатында топтық және жұптық, жеке жұмыс ұйымдастырылды.  «SMART деген не? Қалай түсінесіздер?» атты сұрақтарға әріптестер жұппен, топпен талқылап,  түсінгендерін постер арқылы бейнелеп, қорғады.

"Рефлексия" кезеңінде әріптестер сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын  смайлик арқылы бейнеледі, не жазды, яғни коучингке кері байланыс алдым.

 

Коуч: Казиева Акку Балтабаевна

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь