Мемлекеттік білім беру саясатының жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша Айтуар негізгі орта мектебінде ұйымдастырылуы және ата-ананың қосар үлесі. Осы тақырып бойынша мектеп директоры Г.Б Абдрешов өз баяндамасын оқыды. Оқу ісінің меңгерушісі "Жаңартылған білім беру мазмұны" жөнінде есеп берді. 1-сынып ата-аналар ұйымының төрайымы Исенова Г.С ата-ана ретінде өз ойларын айтты. "Қамқорлық қорының" жұмысы жайында мектеп директоры сөз сөйледі. 2017 жылы мектеп бітірушілерге арналған іс-шаралардың ұйымдастырылу ережесі мен тұжырымдамасы және жазғы маусымда балалардың суға шомылу кезінде қауіпсіздігі жайында әлеуметтік ұстаз мәліметтер берді.