«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды жеңілдету мақсатында бір реттік парольдің көмегімен қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған.
Ол қалай жқмыс істейді? Бір реттік пароль – бұл sms-хабарлама, ол сұрау жібергеннен кейін азаматтың мобильді телефонына келеді. Ол телефонына тексеріс кодын алады, оны e-gov.kz енгізу қажет. Кодты енгізгеннен кейін портал автоматты түрде сіздің номеріңізді тексереді және телефон номері мен осы базада тіркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесі тез арада ұсынылатын болады.
Мабильді азаматтар базасына қалай тіркелуге болады?
Телефон номеріңізді алушының жеке кабинетінде не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы ЖСН байлауға болады.
Бір реттік пароль бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі:
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау