«Айтуар негізгі орта метебі» КММ - нде құрылған Қамқоршылар кеңесі отырысының хаттамасы 3.01.2017ж. Қатысты – 7 адам.
Күн тәртібі.
Айтуар негізгі орта мектебінің директоры Г.Б. Абдрешовтың қамқоршылар алдындағы есебі.
Биылғы 2017-2018 оқу жылында Айтуар ауылы бойынша оқу жасына жеткен барлық балалар оқумен қамтылған. Мектептің жанында ұйымдастырылған
« Балбөбек » шағын орталығында 9 бала тәрбиеленуде, 3 жастан асқан балалар толық қамтылған. Мектепалды дайындық тобында 4 бала мектепке дайындалуды. Бастауыш және орта буындағы сыныптарда 47 бала оқуда. Дайындық және 1-9 сыныптарда оқитын балалардың 23-і әлеуметтік тізімдегі балалар. Мүгедек балалар ауыл бойынша жоқ. Мемлекеттік көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстік облыстардан көшіп келген 2 отбасынан 6 бала, және шет мемлекеттен көшіп келген оралман мәртебесі бар 1 отбасының 2 баласы оқуда.
Медециналық қызмет көрсетуге мектептің жанында дәрігерлік, жабдықталған бөлме бар, талаптарға сәйкес. Шағын орталықта медециналық қызмет көрсетуге 0,25 бірлік дәрігер бөлінген. Мектеп оқушыларының денсаулығына бақылауды ауылдың фелдшері Ескенов Алтынбек жасайды.
Мектепте және шағын орталықта ыстық тамақ жабдықталған асханада дайындалады. Өткен жылы ыстық тамақ ұйымдастыруға жеке кәсіпкер табылмады. 2017 жылдың қазан- желтоқсан айларында Архангелка селосының жеке кәсіпкері Исаева Марина қызмет жасады. 1218 жылы мемлекеттік тендерге қатысатын ойы бар.
2017-2018 оқу жылында 1, 2 сыныпта және 5,7 сыныптарда жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу ұйымдастырылды. Мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақ беруге сәйкес сертификаттары бар. Жоғары сынып мұғалімдері АББ жоспары бойынша қайта даярлау курстарынан өтуде. Мектепте оқу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет жасауға мүмкіндік бар. Жылыту жүйесінің жұмысын қауіпсіздендіру мақсатында Б.Ізтөлин мектебінен буқазандық әкеліп орнатылды.
Жаз айларында мектептің ауласында хоккей ойнауға арналған алаң ашылды. Ата-аналар балаларына конькиді өз қаражаттарына әперді
Мектепке келіп түсетін қаржы жоқ деп айтса да болады. Жаңа жылдық шырша өткізуге «Айтуар –Агро » дан он мың теңге, Хоккей кордының ашылуына Архангелка с/о әкімі С.Е. Шәріповтан төрт мың теңге, СҚМУ студенті Базаров Мәдиден 2 жұп коньки келіп түсті. Ата-аналардан мектепті жабдықтауға қаражат жинақталмайды. Оқушылардың аудандық сайыстарға қатысуларына қаражат табу көп қиындық туғызады. Ата-аналар өздері шамаларына қарай көмек бермесе, жағдай мүлдем қиын болады.
Қорытынды:
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау