2018 оқу жылының25қаңтар айында «Рухани жаңғыру» аясында «Айтуар ауылының алғашқы ұстазы М. Жұмабаевтың шәкірті» атты кітапша басылып шықты.Бектасов Еркін (алғашқы қойылған есімі Кәрішал, кейіннен Еркін деп атап кеткен)қазіргі Айтуар ауылының маңындағы «Қарағаш» қыстауында 1899 жылы дүниеге келген.
Еркін ағай 1916 жылы «Қангелді» қыстауындағы мектепті бітірген. Кейінен Петропавл қаласындағы педтехникумге түсіп 1925 жылы бастауыш сынып мұғалімі ретінде бітіріп шығады. Сол кезде, педтехникумда оқып жүргенде Мағжан Жұмабаевтан сабақ алған оқушысы, солтүстік өңірде алғашқы қазақ тілінде сабақ беретін 8 мұғалімнің ішінде Еркін ағай да бар.
Бекбасов Еркін ағай Айтуар ауылының алғашқы ұстазы, алдынан көп шәкірттер оқып шыққан.Қазіргі Жамбыл, Преснов аудандарының төңірегінде көптеген ауылдарда ұстаз болған.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау