Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беру стратегиясын дамыту мақсатында Сәуір айының 10 жұлдызында 2019 ж Жамбыл ауданының тірек мектептерінің бірінде -«Преснов жалпы орта білім беру мектебінде «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семианар өтті. Семинардың мақсаты: химия,биология,физика,информатика мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін енгізу бойынша іс- тәжірибе алмасу, педагог қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Семинарда биологиядан «Споралылардың тіршілік циклі» атты және физика пәнінен ашық сабақтар өткізілді. Сабақ берген мұғалімдер: Макжанова А.К,Касен Ж. Химия пәнінің мұғалімі Жанмуханова Г.К. «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семинарға қатысқан мұғалімдермен коучинг өткізді. Мұндағы мақсат: мектеп мұғалімдерімен тәжирібе алмасу, пән мен тілді кіріктіріп оқытуға байланысты негізделген әдіспен таныстыру, балалармен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оларға мақсатты тіл және тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) қолданылуы туралы мәселелер талқыланды. Сабақтардан кейін мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарға шағын концерт тарту етті.