Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

«Бір күн әскер қатарында»


         И.П.Шухов атындағы жалпы білім беру мектеп-гимназиясында «Бір күн әскер қатарында» атты әскери-патриоттық ойыны бойынша жоспар құрылды. Жоғары сынып оқушыларының ұйымдастырумен  «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында мектебімізде салтанатты линейка өткізілді. 5-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы бейнеролик көрсетілді. Патриоттық сезімін ояту мақсатында осындай іс-шаралардың жиі өтуі орынды болып табылады. Осындай іс-шаралар барысында ҰОС , Ауған соғысы ардагерлерін шақырып, оның біздің болашақ ұрпағымызға үлгі тұтарлық  екені абзал. Олардың өмірі толығымен Отанын, жерін , халқын қорғауына арналғандығы туралы бәрімізге мәлім. Жыл сайынғы осындай іс-шаралардың өтуі оқушыларымыздың санасына үлкен әсер тиетіні айдан анық. Болашақта олардың арасынан осындай азаматтар шығатына кәміл сенімдіміз. Біздің көптеген оқушыларымыз осы сала жағына жақынырақ болып келеді. 5-8 сынып оқушылары «Бір күн әскер қатарында» атты әскери-патриоттық ойыны сайысына қатысты. Олардың жетекшіліг ретінде жоғары 10-11 сынып оқушылары тағайындалды.  Әр команданың дайындығы мен сапасына осы жоғары сынып оқушылары жауапты. Мерекелік іс шара осы сынып оқушыларының сап құрып өтуімен аяқталды.











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь