Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Жалпыұлттық ата-аналар

жиналысын өткізу туралы

 

 

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына

 

 

 

 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ

 

 

Республикалык ведомстволық бағынысты ұйымдары

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (бұдан әрі - Департамент) жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2019 жылы 15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
  • Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;
  • 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
  • оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
  • білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері
  • Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б.).

Аталған іс-шараларды өткізу нысандары ретінде жалпы мектептік ата-аналарының жиналыстары немесе білім деңгейі бойынша ата-аналар жиналысы белгіленген.

Сонымен қатар, ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне қатысу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері шақырылады.

Міндетті түрде пайдалану үшін ата-аналар жиналыстарында бейнематериалдар сілтемелері жіберілді:

1) https://www.youtube.com/watch?v=To8mAThDV -0 - Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі;

2) https://www.youtube.com/watch?v=roaHktiJSAM  - Абай бол! Терезе...;

3) https://www.youtube.com/watch?v=nkLEyEzZlcg  - Баланы интернеттен қорғау;

4) https://www.youtube.com/watch?v=He5CJEWH3mU - 2016-2018жылғы                            Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь