Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Мектептің стратегиялық жоспары

Есперлі негізгі орта мектебінің 2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 

1.Есперлі негізгі орта мектебінің миссиясы мен пайымдауы

2.Ағымдағы жай-күйді талдау

3.Мектептің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары

4.Мектептің функционалдық мүмкіндіктері

5.Қосымша: Стратегиялық жоспардыңәзірленуіне негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық    актілердің тізбесі

 

  1. Есперлі негізгі орта мектебінің миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы: Бәсекеге қабілеттілікті және тұрақтылықты әлеуметтік - экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымдауы: Балалардың білімділігі, бәсекеге қабілеттілігі, интеллектуалдылығы

 

Ағымдағы жай-күйді талдау

 

  1. Мектеп туралы жалпы ақпарат.

     Есперлі негізгі орта мектебі бойынша 4 сынып комплектісінде – 20, дайындық тобында – 3, мектеп жанындағы шағын орталықта – 10 бала білім алуда. Мектепте оқу – тәрбие жұмысына 8 педагог қызметкер және 3 тәрбиеші тартылған. Олардың 80 % жоғары білімді мамандар. Білім беру секторы – барлық елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Білім беру үрдісін реформалаудың, мамандарды даярлаудың барлық  деңгейлері мен бағытын қамтуы инновациялық қызмет үшін, білім берудің барлық түрлерінің материалдық – техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту шаралары іске асырылуда.

     Мектеп 1 аусымда жұмыс жасайды. Мектеп мұғалімдерінің 100 % компьютерлік техникамен жұмыс жасауға қол жеткізді. Физика, химия, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай құралдармен қамтылмаған, зертханалық сабақ, сарамандық жұмыстар жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар қарастырылмаған. Мектеп күрделі жөндеуден өтпегеніне 45 жыл болды. Мектептің шатыры жаңартылды.

      Мектептің режимі – алты күндік.

Мектепте спортзал бар. Спорттық құрал – жабдықтармен мүлдем жабдықталмаған. Мектеп жанында футбол алаңы бар және ұзындығы 250 метрлік жүгіру «сызығы» бар. Мектеп кітапханасында оқулықтар және әдеби кітаптар бар. Медициналық кабинет жоқ.

      Мектеп оқушылары тарапынан  құқық бұзушылық болған жоқ. Мектеп ұжымының ауызбіршілігі мен ынтымақ - бірлігі жақсы қалыптасқан. Мұғалімдердің басым көпшілігі өз пәнін жетік біледі. Өз мамандықтарына, өз ісіне шын берілген, пәні бойынша білімдерін үзбей көтеріп отырады.

а. Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу қамтамасыз етілген.

      Мектепке дейінгі тәрбиемен 13 бала қамтылған. Оның 3-уі дайындық тобында оқиды, 10-ы шағын орталықта тәрбиеленіп жатыр. Шағын орталықтың материалдық – техникалық базасы қазіргі заман талабына сай, мектеп ғимаратында орналасқан. Ауыз су тасымалданса, жылу жүйесі шағын бу қазандығымен жылтылады.

б. Мектептегі білімнің инфрақұрылымы мен мазмұны, мемлекет ұсынған бірдей сапалы білім беру қызметтерін және 12 жылдық мектепке көшуді қамтамасыз етпейді.

        Қазіргі мектеп базасының материалдық – техникалық жай – күйі қазіргі заманның материалдық – техникалық талаптарына әлі күнге дейін жауап бере алмай отыр. Мектеп 1974 жылы типтік жобада салынған. 1 қабатты, 100 орындық, 1 аусымда жұмыс істейді. Мектепте мультимедиалық кабинет жоқ. Бір компьютерге 20 оқушыдан келеді, телефон нүктесі интернетке қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы өте әлсіз. Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылардың білімін, шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторларының бірі мектепте пәндік кабинеттің болуы болып табылады, бірақ мектепте  пән кабинеттерінің бірде бірі жабдықталмаған.

Мектеп жиһаздарының 90 %, парталардың 40 % ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары – 12, олар 100 % бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Жетім балалар жоқ.

           

  1. Есперлі негізгі орта мектебінің 2020 жылға арналған стратегиялық бағыттары:
  2. Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
  3. Балалардың дамуына жағдай жасау.
  4. Білім жүйесін басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттыру.

 

1.Оқыту үрдісіне оқудың жаңа технологияларды енгізу.

 

Бағыттары мен міндеттері

Іс әрекет (шаралар)

Өткізілетін орны

Өткізу уақыты

Жауапты адам

Қаржыландыру көлемі

басталуы

аяқталуы

Биология, химия, география

Модульдік оқыту технологиясын енгізу

Мектепте (5-8 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Физика

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын енгізу

Мектепте (7-8 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Математика

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын енгізу

Мектепте (5-8 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Қазақ тілі және әдебиеті

Дамыта оқыту технологиясын енгізу

Мектепте (5-8 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Тарих

Молдульдік оқыту технологиясын енгізу

Мектепте (5-8 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Бастауыш сыныптар

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын енгізу

Мектепте (2-4 сыныптар)

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Жалпы

Оқытудың жаңа технологияларының сапаға әсерін зерттеу

Мектепте

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Жалпы

 

 

Озат тәжірибелерді анықтау және насихаттау

 

Мектепте

01.09.2019

Әдістемелік кеңес төрағасы

 

Мұғалімдердің интерактивті технологиямен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру және дамыту

 

Семинарлар, мектепішілік курстар, конкурстар, білім жетілдіру курстары

Мектепте, білім жетілдіру институттарында

01.09.2019

25.05.2020

Мектеп директоры

 

Материалдық базаны нығайту

Қазақ тілі кабинеті

Қазақ кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

Орыс тілі кабинеті

Орыс кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

Математика

Математика кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

Бастауыш сынып кабинеті

Бастауыш сынып кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

Технология кабинеті

Технология кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

Биология кабинеті

Биология кабинетін жабдықтау

мектеп

2020 жыл

Мектеп директоры

 

       

 

 

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

 

1-мақсат

Нысаналы индикатор

Мектепке дейінгі білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

 

1-мақсат

Нысаналы индикатор

Мектептегі орта білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету

4-сыныпта МАБ-тың орташа балын ұлғайту (2020 - 60, 2021 - 70, 2022 - 80), 9-сыныптарда МАБ - тың орташа балын ұлғайту (2020 - 60, 2021 - 70, 2022 - 80),

Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндердің білім сапасы деңгейінің артуы (2020 - 60, 2021 - 70, 2022 - 80),

1-міндет

Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Көрсеткіштер

Педагогтардың жалпы санының 12 жылдық білім беру технологиясы бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен педагог кадрлардың үлесі (барлығы - 8 педагог, 2020 ж - 8 педагог, курстан өтетіні - 3, 2021 ж -8 педагог, курстан өтетіні - 2, 2022 ж - 8 педагог, курстан өтетіні - 0 )

2-міндет

Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету

Көрсеткіштер

Мектептің типтік спорт залының үлесі 2020 ж-1, 2021 ж -1, 2022 ж-1

Оқушыларды Президенттік тестімен қамту 2020 ж-20,2021 ж-20,2021 ж-20

Мектептің стандартқа сәйкес парталармен қамтамасыз етілу үлесі 2020 ж-50 %, 2021 ж-70 %, 2022 ж-100 %

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь