«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымен қайта қауышқан баһадүр бабамыз Қожаберген Толыбайұлын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында 31қаңтар күні Преснов жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен ІІ аудандық «Дауылпаз баба- Қожаберген» атты байқау өтті. Осы байқауға мектебімізден төрт оқушы қатысып, екі оқушы жүлделі орындарға ие болды. «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» номинациясынан 6- сынып оқушысы Еслямбек Жансұлу ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» номинациясында автор өлеңдеріне аударма жасауда 10- сынып оқушысы Кусаинова Гульзат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.