Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Өзін өзі тану апталығы

«Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» КММ

01.02-17.02.2021жж. аралығында өзін-өзі тану пәнінен  «Өзін-өзі тану – шығармашылық  және махаббат педагогикасы» тақырыбында іс-шаралар өтілді.

Мақсаты: «Қазіргі заманғы педагогика балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға, қарапайым ақиқатқа, өмір даналығына негіздей отырып тәрбиелеу»

01.02.2021ж. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы » онкүндіктің ашылуы өтілді. Жауапты мұғалімдер: Бектасова С.Ш., Кенжегузина С.С.

1-9 сынып оқушыларымен іс-шараның ашылуын өткізді. Оқушыларға онлайн түрде видео-презентациялар, көрнекі суреттер жіберілді.

 

02.02.2021ж. Білім беру ұйымында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламысы авторының қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында  кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында оқушылар көрмемен танысып, көптеген мәліметтер алды.

 

03.02.2021ж. Білім беру ұйымында  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторының «Рухани-адамгершілік тұрғыда өсудің 12 кезеңі» дәйексөздерінің стенд көрмелерін кітапханашы Осипова Ж.А. дайындап, 1-9 сынып оқушыларына таныстырып өтті.Оқушылар дәйексөздерді мұқият оқып, мағыналарын түсіне білді.

 

04.02.2021ж. Білім мекемесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы туралы  фильмдер көрсетілді. Оқушылар фильмдерді көре отырып, автор жайлы көп мәліметтер алды.

 

05.02.2021ж. «Алтын жүрек» челленджі бойынша 1-9 сынып оқушылары құттықтау бейнежазбаларын дайындап,бір-біріне эстафетаны тапсырды.Эстафета қызықты және тартымды өтті.

 

08.02.2021ж. Сара Алпысқызына арнау : «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Оқушылар ана тақырыбына өлеңдер жаттап,бір-бірінен асыра жарысып,мәнерелеп айтулары қызықты өтті.

 

 

09.02.2021ж. 1-9 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек» фотокөрмесі өткізілді. Бастауыш сынып арасында тақырыпқа байланысты суреттер көрмесі өтіп, 5-9 сынып оқушылары арасында тақырыпқа сәйкес бұйымдар жасай білді.

 

 

10.02.2021ж. «Адамгершілік пен руханилықтың хрустальді көктемі» балалар шығармашылық жұмыстары өткізіліп, әр бала таланты жағынан байқалды.

 

11.02.2021ж. 5-9 сынып оқушылары арасында « Махаббатқа толы жүрек» тақырыбында эссе байқауы жазылып, ең үздік эссе белгіленді.

 

12.02.2021ж. «Өзін -өзі тану маржандары» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының маржан  сөздерін жатқа айтып, челлендж бейнежазбаларын дайындап, әр сынып  эстафетаны тапсыра білді.Челлендж қызықты және тартымды өтті.

 

15.02.2021ж. «Өзін – өзі тану» пәнінің видеосабақтарын жергілікті және республикалық телеканалдардан көрсету, БАҚ – тарда онкүндіктің өткізілуі туралы оқушылар мақалалар жариялай білді.

 

16-17.02.2021ж. Осы күндер аралығында апталықтың жабылу салтанаты өтіп, оқушылар әртүрлі марапатқа ие болды. Оқушылар онкүндік аралығында көптеген мәліметтер ала білді.

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь