Халықаралық әйелдер күні қарсы алдында мектепте "Сырлы жеңге-сұлу қыз"атты даналық мектебінің кезекті іс-шарасы өтті. Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір — біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге үйрету.