Дебат фракциясының ұйымдастыруы мен «Дарынды бала ол кім? Тақырыбында дебат өткізілді.
Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті,ең алдымен білім беру саласымен байланысты. Өйткені білім ғана қоғамды көркейте алады. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің біздің міндетіміз. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса ,олар ұлтымыз үшін мақтаныш .
1-топ: Дарынды баланың ақыл – ойы, дербестігі,шығармашылық ой - әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп,жаңа іс- әрекет жасайды. Сондықтан мұндай баланы дер кезінде танып,бағыт- бағдар беріп , көмек көрсету- әр ұстаздың міндеті. Дарындылық негізі- ізденіс пен белсенділік. Жалпы олимпиадалар, көрмелер, лабораториялық жұмыстар, техника апталықтары, басқада шығармашылық істерге қатысу, түрлі байқауларды қою мен өткізу дарынды балаларды анықтауға көмектеседі.
2- топ: «Дарынды бала» ерекшелігі
Дарынды балалардың ерекшелігін бірнеше тұрғыдан байқауға болады:
Біріншіден, педогогикалық тұрғыдан:
өзгеше ойлайды,көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды.
Екінші, психологиялық тұрғыдан:
Ішкі сезімі ерекше өте сезімтал, толыққанды, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.