«Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес, 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбында "Аталар мектебі" отырыс болып өтті.
«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.