«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз. Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады. Мақсаты: оқушыларды ЖИТС (жүре п.б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік,дағды /ББД/ қалыптастыру. Сабақты әлеуметтік педагог Бекенов Д. К. өткізді.