Мереке қарсаңында, 24 қазан күні "Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл шарада 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына, 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды. Салтанатты жиынға ауыл округінің әкімі Турсунбаев Н . Ж. қатысып, мектеп оқушылары мен қонақтарды құттықтады