Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Біртұтас_тәрбие

Бүгін Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып және тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында серіктес мектептердің мұғалімдеріне арналған «Шағын жинақталған мектептерде сабақ барысында білім алушылардың ынтасын тиімді, қызықты әдіс -тәсілдер арқылы дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Тиімді педагогикалық тәжірибені тарату, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және оқыту мен тәрбиелеуге инновациялық тәсілдерді енгізу үшін білім беретін педагогтердің құзыреттерін дамыту.
Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімі Сомкина Ж. С. шебер сынып көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушыларының назарларына «Шахматтағы топтардың шабуылы», «Білім керуені», «Жұмбақ сөз», «Бәйге жарысы» әдістерін ұсынып, олардың тиімділігін көрсетті.
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Рамазанова Д.Д. өзінің шебер сыныбында әріптестермен «Галлереяға саяхат», «Бұрым өру» , «Өлеңдегі сурет» әдістерін қалай тиімді және қызықты қолдануға болатыны өз тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары семинардың тәрбие сағатына белсенді қатысып ән шырқап, ертегіні сахналап өз өнерлерін көрсете білді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь