Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Үштілдік - заман талабы

        Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

        Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

       Жамбыл орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты:  оқушыларға  өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

        Қыркүйектің 19-ы күні «Үштілдік-заман талабы» атты Тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болып, мерекелік іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен  тіл бірлестігінің жетекшісі қатысып, орыс - қазақ және ағылшын тілдерінде жатқа өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшелігі, тілдің қасиеттілігіне тоқталып өтті, тіл туралы презентация көрсетілді, тіл бірлестігінің жетекшісі Казиева А.Б. онкүндіктің  жоспарымен таныстырды. Оқушылармен дайындаған  «Асыл мұра», «Әке мұрасы»,  Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көріністерді ортаға салды.

Орыс тілі пәнінің мұғалімдері Казиева А.Б. мен Жакина Т.Б. және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жармагамбетова С.М. ашық сабақтарды жаңа форматта жоғары деңгейде өткізді. Сабақтар көркемді, ғылыми қырынан басым болды.

  

         Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Айнатуова А.Т. мен Жолтаев М.Т. «Мен білемін!», «Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты сайыстарды 5-11  сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде  өткізді.  Сайыстар әр түрлі ұлт өкілдерінің амандасуымен басталды. Әрі қарай сайыстарда «Дұрыс оқы», «Сен өз еліңді білесің бе?», «Ең үздік аудармашы», «Мақал-мәтелдер» , «Ән сайысы», түрлі викториналық сұрақтармен жалғасын тапты.

   

          Сынып жетекшілер «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.

Мектептің кітапханашысы Осипова Ж.А.. «Тіл - әр халықтың байлығы»  айдарымен кітап көрмесін ұйымдастыра отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында ана тілі туралы өлеңдер оқылып, оқушыларға тілдің мәртебесі жайында мағлұматтар берді.

         Мұғалімдер мен оқушылар арасында «Тіл – ел бірлігі» атты  тілдер фестивалі өтті. Мақсаты: оқушылардың ана тілі туралы
өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру.

  Тілдер фестивалінде өлеңдер оқылып, әндер орындалып, бишілер ұлттық би биледі. Үлкен іс- шара өте жақсы өтті.

Онкүндік «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» айдарымен қорытындыланды. Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

                                                       Тілдер бірлестігінің жетекшісі:   Казиева Акку Балтабаевна





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь