Тәуелсіздіктің -25 жылдығы аясында желтоқсан айының үшінші жұлдызында Айымжан орта мектебінде аудандық әділет басқармасының басшысы Токкужин Самат Кенжеғалиұлы,Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Калгужина Күлпаш Әміржанқызы,Мирный ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушысы Кузьменко Юрий Дмитриевич,аудандық білім бөлімінің әдіскері Иванова Неля Викторовнаның қатысуымен салтанатты жиын болып өтті.Жиын барысында мектеп басшысы Сатин Асқар Нағманұлы мектепті аралатып таныстырды.Оқу ісінің меңгерушісі Оспанова Светлана Уразбайқызы оқушылардың жетістіктерімен бөлісті.Тәрбие ісінің меңгерушісі Аубакиров Сабыржан Сермағамбетұлының жүргізуімен жиын барысында құттықтау тілектер айтылып облыстық білім басқармасының басшысының құрмет грамотасымен Райымбекова Гүлмайра Меңдібайқызы,облыстық білім басқармасының алғыс хатымен Жалелова Нүргүл Жақылақызы марапатталды.Жиын соңында мектеп оқушыларының өнерлері ән,билері тамашаланып қорытындыланды.