Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті. Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Баян орта мектебінде де сыңғырлаған қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.
Салтанатты жиын Әміржан Ділназ және Садақ Елдананың орындауында «Мектебім» әнімен ашылды. Мерекеге жиналған қонақтар мен ұстаздарды, оқушыларды мектеп басшысы және ауданнан келген қонағымыз құттықтау сөзін сөйледі.Тарих пәнінің мұғалімі Қажымұратов Аян Бағдатұлы «Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшіліктің,келісімнің және жасампаздықтың 25 жылдығы» баяндамасын оқыды.Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерге және олардың ата-аналарына сөз берілді.
Бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқулығы сыйға табыс етілді. Баланың балғын санасына Қазақ елі жайында сауат сыйлап, жүрегіне патриоттық сезімді ұялататын кітапта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келесідей сөздері келтірілген:
«Қымбатты жас дос!
Сен жаңа белеске қадам бастың – мектепке келдің, оқушы болдың!
Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің саған жасаған сыйлығым! Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып уақиғалар күтіп отыр.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениеті, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі.
Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!».
1-11 сынып аралығында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения