Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Отбасы күні

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген.

Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға  негізделген.

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру –  басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Өткізіліп отырған мемлекеттік әлеуметтік саясаты қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назар аударады.

Бұдан басқа, отбасы, ана, әке және бала қорғауға қамтамасыз ету, мемлекеттін демографиялық дамуы үшін жағдайды жасауға жұмыс жүргізіледі. Ол баланың тууына, оны асырауға, көп балалы отбасыларға женілдіктер және басқа.

Жоспарланған жоспар бойынша биылғы жылы қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай,мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді.1-4 сынып аралығында асфальтта суреттер байқауы өтті.






«Менің Отбасым» тақырыбында әр оқушы өзінің отбасын сурет бетіне салып,олардың жылы жүзін аша білді. Бастауыш сынып және де орта буын аралығында дене шынықтыру  пәні мұғалімдері «Әкем-шешем және мен отбасымыз спортшыл» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен жарыс өткізді.Жеңімпаздар мақтау қағаздармен,сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері жоғары сынып оқушыларынан  «Отбасы жарастығы»тақырыбында шығарма жұмыстарын алды.Оқушылар отбасының  жарастығы  туралы өз ойларын аша білді.9-11 сынып оқушылар арасында «Отбасылық тәрбие»дөңгелек үстел  өткізілді. Психолог 9-10 сынып оқушылармен «Отбасы өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Отбасылық тәрбие беру жөнінде кеңес беру мақсатымен,ата-аналарға ашық  есік күні жарияланды.Ата-аналармен кеңес өткізілді.Жыл бойына ата-аналармен жұмыс жүргізу өз жалғасын табуда.

 







Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь