5.01.2017 ж. "Жамбыл орта мектебі" КММде 9-11 сынып оқушыларының және олардың ата-аналарының қатысуымен "Мамандықты таңдау - болашаққа елеулі қадам" атты семинар-тренинг өтті. Ен бірінші сөзді мектеп психологы Абилов А.М. алды. Ең алдымен барлығын келген Жаңа 2017 жылмен құттықтап, психолгиялық ахуал тудырып, барлығының көңіл-күйін көтерді. Айбек Мұратұлы мамандықтар туралы жалпы мәлімет беріп, әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтарға байланысты оқу мекемелерімен таныстырып, бейнероликтарды ұсынды. Бұл жиналысқа осы жылдың түлегі Сомкина Ә. қатысты. Ол өзінің оқу орны жөнінде және өзінің таңдаған мамандығы туралы сөз сойледі. Семинар-тренинг тартымды да, қызықты өтті.