«XXI-ғасыр қасіретіне» айналған ЖИТС-ның алдын алу бойынша жыл сайын әртүрлі іс-шаралар өтеді. Баян орта мектебінде де арнайы бекітілген жоспар бойынша айлық өткізіледі.
Айлықтың басты мақсаты, оқушыларға қауіпті ауру жайында толық мәлімет беріп, жұқпалы аурудың алдын алу шараларын ұғындыру, салауатты өмір салтын сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету, зиянды заттардың қауіптілігін ұғындыру. Айлықтың жоспары бойынша мектеп бойынша "АҚТҚ/ЖҚТБ-сыз өмір!" тақырыптық линейка өтті,сонымен қатар 5-11cынып аралығында "Әлемді жаулаған ғасыр дерті" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп оқушыларының АИТВ\ЖИТС жайлы білімдерін тексеру мақсатымен «Мен АҚТҚ/ЖҚТБ жайлы не білемін?» тақырыбында тестілеу өткізілді. Тестті 7-11сынып оқушылары орындады. Әр сыныпқа нашақорлық, АИТВ\ЖИТС жайлы кино, слайдтар көрсетілді.
Бір айға созылған айлық барысында 5-11 сынып оқушылары арасында "Нашақорлыққа біз қарсымыз!" тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Жеңімпаздар марапатталды.Салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатымен "Шынықсаң шымыр боласың" тақырыбында волейболдан жарыс өтті. Кітапханашы Сұрағанова Ә.Қ. АИТВ\ЖИТС жайлы дерктердің, кітаптардың көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар кітапханадан көптеген мақала , деректер оқып, өздеріне керекті мәлімет ,ақпарат алды. Әлеуметтік ұстазбен жантанушы Ғасыр қасіреті тақырыбында стенд шығарды.Теннистен қызықты жарыс өтті. Сонымен қатар, "АИТВ жайлы нені білуіміз керек?" атты медицина қызметкерімен кездесу өткізілді. Кездесуге жиналған оқушылар, медицина қызметкеріне қауіпті дерт жайлы сұрақтарын қойып, пікір алмасты. "ХХІ ғасыр қасіреті" атты мектепішілік мұғалімдер семинары өтт.10-11 сынып аралығында "Қауіпті аурудың көлеңкесінде қалма" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.і 8-11сынып оқушыларымен бірігіп "Барлығымыз АҚТҚ мен нашақорлыққа қарсымыз!" атты тематикалық демалыс кеші өткізілді.Сенім поштасының жұмысы жыл бойына өз жұмысын жалғастырмақ. 5-7 сыныптар санбюллетень шығарды. Медбике мен әлеуметтік ұстаз жұмыстарды бағалады. 9 желтоқсан күні айлықтың қорытындысы шығарылып, белсене қатысушылар, жеңімпаздар марапатталады.
Посмотреть новость на сайте учреждения