Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Мектебімізде өткен жаңа жылдық шыршалардың мақсаты да оқушыларға осындай ерекше жайдарлы көңіл-күй сыйлау болды. 
2016 жылдың 28-29 желтоқсанында мектепте шағын орталық бүлдіршіндері, мектеп алды оқушылары, ауыл балалары, бастауыш сынып оқушылары, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелер ұйымдастырылды.Сол себепті оқушыларымыз үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі байқаулар ойнатылды.

2016 жылдың 28 желтоқсан күні "Балдырған" шағын орталығында "Қош келдің , жаңа жыл!" атты жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Осы іс-шараға барлық кішкентай бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін ортаға салды.


  


    

   



        


   


Мектебіміздің басшысы ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,табыс тіледі. Жаңа жылдық шыршаға келген оқушылар түрлі маскарадтық костюмдар киіп, ән шырқап, тақпақтар арнап, шыршаны көңілді ән ырғағында айналды. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.Ертеңгілік сондай тартымды өтті.

Осылайша орта және жоғарғы буын сыныптарда жаңа жыл мерекесі ойдағыдай өтті.11 сынып оқушылары әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп сахналық көріністер көрсетті. Мектебіміздің басшысы Асқар Құрманғалиұлы оқушылар мен ата-аналарды жаңа келе жатқан Тауық жылымен құттықтады. Оқушылар шыршаны айналып шырша жырын айтты. Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Ескі Мешін жылын шығарып салып, Тауық жылын қарсы алу көрінісі көрсетілді. Әр сынып өздері дайындаған көріністер, әндер және билерін орындады. Барша ата-аналар келіп тамашалады. Мереке соңында балаларға Аяз ата тәтті сыйлықтар үлестірді.


 


 

          





   


Осылайша мектебіміздегі Жаңа жылдық мереке жоспарға сай, жоғарғы деңгейде өткізілді. 
Алдағы жаңа жылда оқушыларымызға жаңа табыстарға жете берсін деп тілейміз!






Барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймыз! Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

 








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь