Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Жаратылыстану-математика пәндерінің апталығы

Жамбыл орта мектебінде қаңтардың 9-ы мен 14-і аралығында жаратылыстану-математикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында құрылған жоспар бойынша барлық іс-шаралар толық атқарылды. Апталықтың тақырыбы "Оқу - білім бұлағы". Апталықтың мақсаты: оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылықтарын арттыру. Жоспарға сәйкес 09.01.2017 ж ӘБ жетекшісі Тасмаганбетова А.Е. апталықтың ашылуын жасап, апталықтың жоспарымен таныстырды. 09.01.2017 ж. математика пәні мұғалімі Турсунбаева Б.К. "Сан сырының құпиялары" атты іс-шараны 5-7 сыныптар аралығында ұйымдастырды. Биология пәні мұғалімі Тасмаганбетова А.Е. 10.01.2017 ж. 6-11 сыныптар аралығында "Үздік биологтар", 11.01.2017 ж. алгебра және физика пәні мұғалімі Турсунбаева Г.Ш. 5-11 сыныптарда "Натурал сандарға амалдар қолдануға ұлттық ойындарын сабақтастыру" тақырыбында сайыс-сабақ, 12.01.2017 ж. "Ғажайып физика" 7-11 сыныптарда Турсунбаева Б.К., 13.01.2017 ж. "Жас географ" 6-11 сыныптарда Тасмаганбетова А.Е., 14.01.2017 ж. информатика пәні мұғалімі  Жолтаев М.Т. информатика пәнінен "Ақпарат әлемінде" сайыстарын өткізді. Мектеп оқушылары аталмыш сабақтар мен сайыстарға белсене қатысты. Қаңтардың 16-сы  күні апталықтың жабылуы болып, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шараларға  қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен грамоталар табыс етілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь