Жамбыл орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан соғысынан оралғандарына 28 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді. АӘД пәні мұғалімі М.Б. Умутбаевтың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен тәрбие сағаты жақсы деңгейде атқарылды. Жамбыл ауылында 2 ауған соғысының қатысушылары бар. Олар Жакин Е.С және Қарағаш ауылынан Мұхамеджанова Ж.Ж. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға интерактивті тақтадан слайдтар және видороликтер көрсетілді. 5 сынып оқушылары Ауған соғысы туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. 11 сынып оқушысы Темірбай Тимур "Ауғанның отты жалыны" атты өз баяндамасын оқып, тәрбие сағатын жүргізіп отырды.