27 қарашада И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп гимназиясында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты 5 сынып оқушылары арасында мектепшілік сайыс сабағы өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: Елбасының жүргізіп жатқан сарабдал саясаты мен «Нұрлы жол, болашаққа бастар жол» атты жолдауды оқушылар арасында арасында кеңірек насихаттау. Жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. «Сайыста «Қазақстанның өткеніне саяхат», «Қазақстан халқының аңыздары мен ертегілері», «Қазақ халқының дәстүрі мен салттары», «Астана – болашақ қаласы», «Қазақстан 20 жылдан кейін» тақырыптарына сөз қозғалды. Оқушылардың ой-пікірі тындалды. 5В сынып оқушысы Денисова Мария Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өтті
"Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет" десе
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп - Примак Артем елбасымызға арнап жазған өлең жолдарын оқыды. Сайыс нәтижесі бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болып марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения