Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Ата-аналар жиналысы

Баян жалпы орта білім беру мектебінде мамырдың он екісі күні ауданнан келген қосымша білім беру орталығының директоры Ануаров Адай Бағытжанұлының қатысуымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста ҰБТ жаңа форматы,түлектерді қорытынды аттестаттау және қамқорлық кеңесі жайлы сөз қозғалды.

Жиналыс басында Баян жалпы орта білім беру мектебінің директоры Сұрағанов А.Қ. сөз сөйледі.Ауданнан қосымша білім беру орталығынан келген қонағымызбен таныстырып,жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.

Келесі сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Конысбаева А.С. берілді. «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында баяндама оқыды.

Жиналыс барысында ҰБТ жаңа форматы жайлы қысқаша роликтер көрсетілді.ҰБТ жаңа форматы 5 пәннен тұратыны, үш міндетті пән, тапсырма саны 20 және таңдаған мамандыққа байланысты екі бейіндік пән,тапсырма саны 30 екені айтылды.Түлектерді қорытынды аттестаттау жайында да ролик көрсетіліп,мектеп бітірушілердің барлығы қорытынды аттестаттаудан өткізілетіні және бұл талап «Алтын белгі» иегерлері үшін қойылған екендігі,қорытынды аттестаттауға төрт негізгі және таңдау бойынша бір пән енгізілгені түсіндірілді.

Үшінші сұрақ қамқорлық кеңесі бойынша әлеуметтік ұстаз Бошанова Г.Б. сөз сөйлеп,ата-аналарға слайд көрсетті.

Жиналыс соңында ауданнан келген қонағымызға сөз берілді.Адай Бағытжанұлы өз сөзінде оқу жылының аяқталуымен құттықтап оқушылардың емтихандарын жақсы тапсыруларын тіледі.

  

  




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь