Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 25 мамыр соңғы қоңырау күніне арналған "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында біздің мектептің оқушылары мен ұстаздары әртүрлі деңгейде ұйымдастырлған олимпиадалар мен сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. 201-2017 оқу жылында 11 сыныпты біздің мектептің 6 түлегі бітіргелі отыр. Олар Ищук Андрей, Кабдулов Әділ, Қайырбек Гүлдана, Сарсенбаев Еламан, Омарова Мадина, Темірбай Тимур. 11 сыныптың жетекшісі математика пәні мұғалімі Тұрсынбаева Г.Ш. ҚР Мемлекеттік әнұран ойналғаннан кейін салтанатты жиын басталды. Мектеп директоры С.С Кенжегузина, аудандық әдістеме кабинетінің әдіскері Ж.А Сыздықова,оқу ісінің меңгерушісі К.Ж Ибраева, 11 - сыныптың жетекшісі Г.Ш Тұрсынбаева және ата-ана Б.Қамзин сөз сөйлеп оқушыларға ақ жол, сәт сапар тіледі. Шара барысында 4 сынып оқушысы Мұрат Аийна "Айымбекен-ай", мектеп ұстазы С.М Жармаганбетова "Перзент сыры" әндерін шырқады. 11 сынып оқушылары да өздері дайындаған номерлерді де ұсынды. Флешмоб, вальс биледі. Ищук Андрей мен Темірбай Тимур "Қоштасу" әнін гитарамен шырқады. Кейін түлектер аспанға көгершіндерін ұшырды. Оқу ісінің меңгерушісі Қ.Ж Ибраева үлгерімі мен тәртібі үздік оқушыларды марапаттады. Білімді шәкірттер біздің мектептен түлеп ұша берсін.