Шараның мақсаты: отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Шара барысында мемлекеттік әнұран орындалып, құттықтау сөзі Жамбыл селолық округінің әкімі Турсынбаев Н.Ж. берілді. "Желтоқсандағы оқиға", "желтоқсан желі" видеороликтері көрсетілді. Және желтоқсанда қаза болған құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өткізілді. Көрермендердің назарларына мерекелік концерт ұсынылды. Шара марапаттау рәсімімен аяқталды.