2018 жылдың 13 желтоқсанында 6 «Б», «В» сынып оқушылары Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық мәдениет үйіне этно-мәдени орталықтарды көруге арнайы барды. Экскурсия барысында балалар өздеріне керекті әрі қызықты көп ақпарат алды. Атап айтсақ: татар, шешен, неміс, украин, қазақ мәдени орталықтарында қонақта болып қайтты. Балаларға әр ұлттың дәстүрі мен салттары, әдеп-ғұрыптары үлкен әсер қалдырды. Осы күнге дейін Қазақстан бейбітшілік пен келісімде өмір сүруінің сырын осы экскурсия барысында жете түсінді. Әр ұлттың киімдерін, ыдыстарын, өмір сүру заңдылықтарын көріп аң-таң болды. Болашақта да осындай экскурсияға баруға деген ниеттері арта түсті.
Посмотреть новость на сайте учреждения