Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.
Талай күндер төккен тер мен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.
Мектебіздің қызметкері Светлана Абдрахманқызын зейнетке шығумен мектеп ұжымы құттықтап мерекелік кеш ұймдастырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения