Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтардағы № 173 Жарлығы негізінде 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні болып жарияланды. Осы жарлық негізінде мектебімізде «Алғыс айту-парызым» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертіміз өтті.Осы іс-шараға ауылымыздың құрмет демалысына шыққан ардагер педагогтарымыз арнайы шақырылған еді. Ризашылық мерекесін бізбен өткізуге Айбаршын тәтеміз бен Мағзұм ағамыз келді.Іс-шара мектеп директоры А.Сұрағановтың құттықтау сөзімен басталды.Ары қарай концерттік бағдарлама өз жолын алды.Іс-шараның соңында мектеп ұжымы педагог ардагерлермен естелік фотосуретке түсті.Мерекелік бағдарламаға 9-сынып жауапты болды.