«Жас келсе іске...» - деп қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев атамыз жырлап өткендей, расында ел болашағының сенімі, ертеңі, келешегі ол – жастар қауымы. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің қарсаңында 9-11 сынып оқушыларымен «Жас келсе іске...» атты іс-шара өткізілді. Биылғы жыл Елбасының бастауымен «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай жастарды қолдау, әлеуметтік мәселелерін шешу қолға алынуда. Ел болашағы – жастарды жан-жақты қолдау кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, білікті, жігерлі ұрпақтардың орны әркез ерекше. Сондықтан да барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында деп сенеміз.