Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Қамқоршылық кеңес

ХАТТАМА№1

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

                    04.09.2019

Қатысқандар:

  1. СадуеваС.Ж. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы

2.Есенбаев Б.Е. – қамқоршылық кеңесінің төрайымының орынбасары
3.Ашимова Л.Б. – ҚК мүшесі
4.РайсоваА. – ҚК мүшесі

5.Хамзина Ш.Б. –ҚК мүшесі

6.Суфянова Ш.С.–ҚК мүшесі

7.Жунусов М.А.–ҚК мүшесі

8.АшимоваЛ.С.–ҚК мүшесі

9.Макенова М.Қ–ҚК мүшесі

 

 

Қатыспағандар: жоқ

Күн тәртібінде:

  1. 2017-2018 оқу жылының негізгі қорытындылары
  2. 5 күндік оқу жүйесі
  3. «Мектеке жол» акциясы туралы
  4. Мектебіміздегі оқушыларға тегін тамақтың ұйымдастырылуы туралы

Кеңес отырысын қамқоршылар кеңесінің төрайымы СадуеваС.Ж. ашты. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры А.Н.Сатинге берді. Мектеп директоры 2017-2018 оқу жылының негізгі қорытындыларына тоқталды. Соның ішінде білім сапасына, Ұлттық біріңғай тесттің қорытындысына, жыл бойы оқушылар мен мұғалімдердің қатысқан байқауларына, лагерге барған оқушыларға, сонымен қатар мектептің әлеуметтік жағдайына  тоқталды. 2018-2019 оқу жылының мақсат міндеттерін атап өтті. білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне 3,6,8 – сыныптардың көшкендігін айтты.

1 тамыз – 30 қыркүйекаралығында  «Мектепкежол» жалпыреспубликалық қамқоршылық акциясы аясында көмек алған көпбалалы, күн көрісі томен отбасылар және қамқоршылықтағы балаларға оқу құралдары мен киім кишекпен қамтылғандығын әлеуметтік педагог атап кетті 2018-2019 оқужылында мектебіміздегі оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы айтылды.

Қамқоршылар кеңесінің төрайымы кеңес мүшелеріне және мектеп директорына  ынтымақтастықта жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін  ризашылығын білдірді.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Садуева С.Ж.

Хатшы: Макенова М.Қ.

 

 

Хаттама №2

                                                          Қамқоршылық кеңесінің отырысы

    Қатысқандарсаны:  27                                    26.01.2019

    Қатыспағандар саны:-

                                                                     Күн тәртібінде:

  1. Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу.
  2. Педагог мәртебесі туралы заң жобасын талқылау.
  3. Білім беру ұйымдарында басшыларды тағайындауда қамқоршылық  кеңестің рөлі

 

    І  мәселе бойынша Есенбаев Б.Е. - қамқоршылық кеңес мүшесі.  Бұл тақырып  бүгінгі таңда  қоғамды  алаңдатып отырғандығы  баршаңызға белгілі.  Кәмелет жасқа толмаған  оқушылардың  әр түрлі қылмыс  жасамауын,  түнгі уақытта  беймезгіл жүрмеуін  қадағалау мақсатында  түнгі рейдтер  үнемі  ұйымдастырылып отырғанын ескертті.  Жасөспірімдер арасында  құқықбұзушылықтың  мәселесі белең алуда екенін,  кикілжіңі, топ құрып қақтығысуы, бірін-бірі  сыйламауы сияқты  іс-әрекеттер өте қарқынды  түрде  дамып келе жатыр.

ІІ мәселе бойынша СадуеваС.Ж.- қамқоршылық кеңес төрайымы. Білім және Ғылым министрлігінің  "Педагог тәртебесі туралы"  және "Қазақстан Республикасының кейбір  заңнамалық актілерінде  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары әзірленді.  бүгінгі таңда  БАҚ, әлеуметтік желілерде, мұғалімдер ұжымдарында  заң жобасы белсенді түрде талқылануда.

ІІІ мәселе бойынша  Ашимова Л -қамқоршылық кеңес мүшесі.  Қамқоршылық кеңсес ұйымдастырушылық-құқықтық формасы  білім беруді басқару, қаржы  тарту және  мектептердің  қаржы-шаруашылық  қызметін бақылау туралы айтылды. Қамқоршылық кеңес- қоғамның білім беру саласын  басқаруға  қатысу формаларының бірі.

Қаулы:

  1. Бірінші мәселе бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыс әлі де жалғастырылсын.
  2. Екінші мәселе бойынша  тыңдалған  баяндама түсінікті деп танылсын.
  3. Құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: СадуеваС.Ж.

Хатшы: Макенова М.Қ.

 

№3 хаттама

 Қатысқандар -30  2019.03.16                                Қамқоршылық кеңесі

Күн тәртібінде:

  1. «Қамқорлық» акциясының есебі
  2. Наурыз мейрамының ұйымдастырылуы және өткізілуі

 Кеңес отырысын қамқоршылар кеңесінің төрайымы  ашты.  Ол өз сөзінде әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылғанын айтып өтті. Сөз кезегін мектебіміздің әлеуметтік педагогы Д.А.Cадуеваға берді.  Жыл сайынғы қаңтар – ақпан айларында  2019 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясының өткізу туралы бұйрыққа негізделіп, «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитеттің құрамы бекітілді. Айлық кезінде демеушілеріміз әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы айтып өтті.

Наурыз мейрамының ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі С.С.Аубакиров және қаммқоршылық кеңесінің меңгерушілеріне берілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі 21 наурыз күні мектептің 1-11 сынып оқушыларына наурыз мейрамы ұйымдастырылатынын, мейрамды өткізу туралы бұйрық шығарылып, мейрамды өткізудің ұйымдастырудың кестесі жасалғанын айтып өтті. Қамқоршылық кеңестің мүшесі . «1 – Наурыз» алғыс айту күні және«8 – Наурыз» халықаралық әйелдер күні концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектерінің зейнеткер ұстаздарды және қамқоршы ата – аналарды марапттағанын және сыйлықтар табысталғанын айтып өтті. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы кеңес мүшелеріне және мектеп директорларына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:  Садуева С.Ж.

Хатшы:  Макенова М.Қ.

 

 

                                                                                      

 

                                                                                      


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь