Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

ХVІІІ тілдер фестивалі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тілден асқан қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ» және «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда.

 ХVІІІ фестивалінің аясында өткізілген іс – шараның міндеті  - әр оқушыға терең де, тиянақты білім беру. Міне, осы міндетті жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының халқы тілдерінің күніне арналған ХVІІІ фестиваль аясында жалпы үш тіл бойынша апталық өткіздік. Апталықтың мақсаты: ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, ұрпақ санасына тіл мәдениетін жаңғырту. Апталық жоспар бойынша іске асып, ойдағыдай өткізілді. Бұл іске оқушыларымызда белсене атсалысты.

       Іс – шара «Елімнің тілі – менің тілім» атты оқушылардың үш тілде өлеңдер оқу ертеңгілігінен басталды. Әр сыныпта осы мереке аясында сынып сағаттары өткізілді. «Тіл – елдің болашағы» атты 7-8 сынып оқушылары арасында дебат сабақ өткізілді. Сондай–ақ, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын, тілді құрметтеуге баулу мақсатында көптеген ойындар мен сайыс сабақтары өтті.Бастауыш сынып аралығында тілдер апталығының қарсаңында сайыстар өткізілді. «Сөз мерген», «Өнер алды-қызыл тіл» 3-4 сынып оқушылар аралығында өткізілді. «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай бастауыш сынып аралығында концерттік бағдарлама өткізілді.«Отаны бірдің - тілегі бір» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.





Қазақ тілінен «Өз тіліңді құрметте» , «Тіл ұстарту – ойды дамыту» атты 6-9 сынып оқушылары аралығында  сайыс сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, «Тілім менің -  тірлігімнің айғағы» атты тақырыпта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектепішілік шығармалар байқауы өтіп, жеңімпаздар  анықталды. Ағылшын тілдерінде «Miss and Mister pronounciation» сайысы өтті. Орыс тілінде 6- 8 сынып оқушылары аралығында «Полиглот» өтіп, оқушылар белсенділік танытты.

  

Сондай-ақ, 9- 11 сынып оқушылары аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойын – сайысы өтіп, оқушылар белсене қатысты. «Сөз мерген» 5 -11 сынып аралығында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

        Тіл мамандары «Елімнің тілі – менің тілім» атты стендтік материалдар әзірледі.Оқушылар көптеген тіл және тілді зерттеген ғұламалар туралы да білім алды. Оқушылар тілдерге деген құрметін, сөзге шешендіктерін көрсете алды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь