Мемлекеттiк қызмет «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну» (одан әрi — мемлекеттiк қызмет).
Мемлекеттiк қызметтi облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарын дамыту саласында уәкiлеттiк органдармен (одан әрi қызмет берушiмен) көрсетiледi.
«СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтердi ұсынады:
Жалпы ереже: Мемлекеттiк қызметтi Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы Қожа берген-жырау 52 көшесi мекен жайы бойынша орналасқан «СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (одан әрi уәкiлеттiк орган) көрсетедi, телефондары 8 (71544) 22823, 8 (71544) 21811.
Мемлекеттiк қызметтi «Агроөнеркәсiп кешенiнiң және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабы 8 тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну ережесiн және мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылы 18 ақпандағы №183 қаулысымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.
Қызмет берушiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiсiмен сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiн, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы негiзiнде мерекелiк және демалыс күндерiнен басқа. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттiк органның ғимаратында қосымша жазбасыз және жеделдетiлген қызметтерсiз құжат арқылы дайындалады.
«Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуiрдегi Заңымен, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлгендiгi жөнiнде хабардар етедi.
Баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс, ал бала өлi туған жағдайда, босанған кезден бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтiнiштi бередi.
Үш жұмыс күнi өткен соң берiлген өтiнiш бойынша баланың тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша тiркеушi орган жасаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.
Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне оның туған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей беруге тиiс.
Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы
Е. Пестова
Заң жобасымен «мемлекеттiк қызмет» түсiнiгiне жаңа анықтама берiлдi, жеке мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру формаларының бiрi ретiнде, материалдық және материалдық емес игiлiктердi беруге бағытталған, қызмет алушының үндеуi бойынша жеке тәртiпте жүзеге асырылады.
Сонымен бiрге «қызмет алушы», «қызмет берушi», «мемлекеттiк қызметтi жеткiзушi» сияқты жаңа анықтамалар енгiзiлуде.
«Қызмет алушы» анықтамасы Қазақстанда мемлекеттiк қызмет алу құқығы бар тұлғалардың тобын кеңейтуде. Осы анықтамаға жеке және заңды тұлғалар кiредi, тек қана мемлекеттiк органдар, шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар кiрмейдi. «Қызмет берушi» мемлекеттiк қызмет көрсететiн жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiтетiн мемлекеттiк органдар болып табылады.
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi келесi мемлекеттiк қызметтердi ұсынады.
Жалпы ережелер: Мемлекеттiк қызмет «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi — уәкiлеттi орган), орналасқан мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка с. Дружба к. 6, тел. 8-715-44-2-25-85, 8-715-44-2-11-16.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң формалары: автоматтандырылған емес.
Мемлекеттiк қызметтер 2014 жылдың 17 маусымындағы № 664 Қазақстан Республикасы Қаулысының негiзiнде, 2013 жылдың 15 сәуiрiндегi «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 3-тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметтер тегiн ұсынылады.
Қажеттi құжаттар мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат www.minagri.gov.kz,http://mgov./tag/gos/one_cat/, http://.dsh.sko.gov.kz/page.php?cat=64&Lang=2 интернет-ресурстарда бар.
Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма сағат 9-00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс: 13-00-ден 14-30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерi «Қазақстан Республикасында мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес.
Қабылдау жедел қызмет көрсету мен алдын ала жазбасыз, кезексiз өткiзiледi.
Мемлекеттiк қызметтер уәкiлеттi органның ғимаратыңда өткiзiледi. Залда күте тұру орындары, толтырылған бланктардың үлгiлерiмен ақпараттық стендтар, өтiнiш бланктарымен үстелшелер орналасқан.
Мемлекет басшысы өзiнiң «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты «Жолдауында: «Ерекше назарды мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын арттыруға аудару қажет. Мiндет — мемлекеттiк аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында бiржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi тиiмдi және жедел түрде көрсетуге көшу» екенiн атап өткен болатын.
Соңғы жылдары аталған бағытта бiрқатар iс-шаралар жүзеге асуда. Бiрiншi кезекте Үкiмет Мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiн бекiтiп, мемлекеттiк қызмет стандартын енгiздi. Электронды форматта қызмет етуде «Электронды үкiмет» «Бiр терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жолға қойылған. 2013 жылдың 15 сәуiрiнде «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңның қабылдануы да мемлекеттiк қызмет саласына жаңа серпiн бердi.
«Бiр терезе» қағидатының маңызды «жолсерiгi» — «Электронды үкiмет». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Электронды үкiметтi» нақтылы жүзеге асыру — ақпараттық қоғамды қалыптастыруда жаңарту үдерiсiндегi маңызды кезең», — деп атап өткен болатын.
Электронды форматтағы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн «Электронды үкiметтiң» Egov.kz сайтында тiркелiп, электронды-сандық қолтаңбаны алып, сұрау салуға жауап беру қажет. Ондағы ыңғайсыздық тудыратыны — электронды-сандық қолтаңбаны алу ғана. Ол үшiн ХҚКО-ға бару қажет. Бұл Сiздiң құпия деректерiңiздiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi талап болып табылады. ЭЦҚ — электрондық құжаттың заңды күшi болу үшiн қағаз түрiндегiдей қойылатын жеке адамның қолы. Сонымен қатар, мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк қызметтердiң нәтжелерi басшының ЭСҚ куәландырады.